Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Әскерге бару да кейінге қалдырылған

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдегі короновирусқа қарсы жарияланған Төтенше жағдай жастардың міндетті әскери қызметке шақырылуын да кейінге қалдырып отыр. Бұл уақытта басы қазандай қайнап жататын қалалық және облыстық әскери комиссариаттардың алды қазір тып-тыныш.

Әскерге бару да кейінге қалдырылған

Егер ТЖ болмағанда Солтүстік Қазақстан облыстық әскери комиссариаты биылғы көктемде 500-ге жуық жасты әскерге шақыруды жоспарлаған екен. Шақыру мерзімі 1 наурызда басталып, маусым айында бір-ақ аяқталатын. Ал бірінші жиын 13 наурызда әскерге аттанып та кететін еді. «Енді, Төтенше жағдайға байланысты, біз барлық жұмысымызды доғарып қойдық. Егер 15 сәуірде ТЖ аяқталатыны жарияланса өз жұмысымызға шұғыл кірісеміз. Былтырғы күзде біздің Солтүстік Қазақстаннан 487 азамат әскерге алынған. Олардың бәрі Қазақстанның қорғаныс салаларында, шекара күзетінде және т.б. өз міндеттерін атқарып жүр дейді», облыстық қорғаныс

Кейбір жастар өздерінің міндеттерін тезірек атқарып тастамағанына да өкініш білдіруде. «Биыл көктемде алынғанда күзге дейін жарты жыл мерзімімді атқарып тастайтын едім. Ар жағында ЖОО-ға түсуге дайындалатын едім», деп өкініш білдірді Самат Әлібеков деген жас жігіт. Біз оған ең бастысы амандық екенін, еліміз індеттен аман құтылса, әскерге бару қашпасын айтып жатырмыз.

ПЕТРОПАВЛ