Сала мамандары жер-жаһан тұрғындарына бірінші болып көмекке келетін мамандар. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 2020 жылды Халықаралық мейірбике ісі және орта медицина қызметкерлері жылы деп жариялады. Аталған ұйым зерттеулеріне сәйкес, 2030 жылға дейін адамзат денсаулығын жан-жақты бақылауға алу үшін мейірбике ісі мен акушерлік салада 9 миллион қосымша жұмыс орнын құру қажеттігі туындап отыр.
Сондықтан да ДДСҰ өз серіктестеріне, оның ішінде Халықаралық акушерлік конфедерацияға (МСМ), Халықаралық мейірбике ісі кеңесіне, БҰҰ Халықтық қорына (ЮНФПА) қосылып, әлемдегі адамзат денсаулығы үшін науқанға қосылуға шақырады. Әрі мейірбике ісі және орта медицина қызметкерлерінің жұмысына, олар тап болатын қиын жағдайларға назар аудара отырып, мейірбике ісі мен орта медицина қызметкерлерін дамытуға қаржы бөлудің маңыздылығын ескертеді.