Жаман індетке шалдыққан үш науқас карантинге жатқызылған адамдардың арасынан шыққан.
Сонымен, бүгінгі күнге дейін Қарағандыда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны жетіге жетті. Басқарма басшысы науқастардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде екенін атап өтті. «Олар қажетті ем-домды толыққанды түрде алып жатыр», деді хабарлады Ержан Нұрлыбаев.
Қарағанды облысы