Бүгінде палатаға азық-түлік тауарларының «жасыл дәліз» арқылы өтуіне қатысты 700-ден астам қоңырау түскен. Жедел штабтың құрамына кіретін палата қызметкерлері күнделікті сенім телефонына қоңырау шалғандарға кеңес беріп, қажет болған жағдайда қала маңындағы бекеттерден көліктердің кедергісіз өту мәселесін бақылауда ұстап отыр.
Бүгінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасының тұрақтылығы да жұмыс тобының бақылауында. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының мәліметтері бойынша, бүгінде Алматы базарларында бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы 5-7 пайызға өскендігі байқалады: мысалы, сәбіз – 10%, қарақұмық – 13%, күріш – 14%, қант – 12%, картоп – 10% және ұн 5%-ды құраған. Салыстырмалы түрде алғанда басқа тауарлардың бағасы тұрақты.
АЛМАТЫ