Хант өткен аптаның ішінде сырқаттанғандар санының өсу қарқыны күніне 25-30% - ға жуық болса, өткен тәулікте 13-15% - ға дейін төмендегенін атап өтті.
«Бұл біз күткеннен де ертерек белгілі болған оң нәтиже, бірақ бізде адамдарды оқшаулау және әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар көп», - деді Хант.
Сондай-ақ ол федералды үкіметтің соңғы екі аптада қабылдаған қатаң шектеу шаралары нәтижесінде елдің ірі қалаларындағы қозғалыс 80% - ға қысқарғанын, ал оқушылардың шамамен 75% - ы оқу орындарына баруды тоқтатқанын айтты.
Премьер-министр Скотт Моррисон қазіргі уақытта Австралияда 3 809 ауру жағдайы тіркелген деп мәлімдеді. «Вирус жұқтырғандардың 2 562-сі шетелден келген адамдар», - деді үкімет басшысы.
COVID-19 жұқтырудың алғашқы оқиғасы Австралияда 25 қаңтар күні анықталды. Бүгінгі күні вирусты жұқтырған 16 науқас қайтыс болды, ал 242 адам сауығып кетті. Ауру жұқтырғандардың көпшілігі Сидней қаласында тіркелген, онда дәрігерлер 1 617 адамның диагнозын растады.
Австралияда қоғамдық тамақтанатын орындар мен ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, сұлулық салондары мен спорт залдары, сондай-ақ мұражайлар мен басқа да баратын мәдени орталықтар жабылды. Азаматтарды үйден жиі шықпай, 1,5 метр қашықтықты сақтауға шақырды. Ел азаматтарына шетелдік саяхаттарға шығуға тыйым салынады.