Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Кәсіпкерлер палатасы карантин кезінде жұмыссыз қалғандарды жұмысқа орналастыруға ықпал етті

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыға қала маңындағы жұмысшылардың кіруіне тыйым салынуына байланысты кейбір компанияларда жұмысшылар санының жетіспеушілігі орын алып отыр. Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасы төтенше жағдай кезіндегі кадрлық мәселелерді анықтау мақсатында 874 кәсіпорынның жұмысшыларын жұмыстан босатуына байланысты онлайн-сауалнама жүргізген.

Кәсіпкерлер палатасы карантин кезінде жұмыссыз қалғандарды жұмысқа орналастыруға ықпал етті

Осы кәсіпорындардағы 16 869 жұмысшының 7 202 қызметкері немесе 25,4% еңбекақысыз демалысқа жіберілді. Алдағы уақытта тағы да 1617 қызметкер жұмыстан босатылады. Осы орайда Кәсіпкерлер палатасы тарапынан жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 16 компаниямен келіссөздер жүріп, бүгінгі таңда 254 өтініш бергендер жұмысқа орналасқан. 

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов «Бизнес ешқашан төтенше жағдайды бұзбауы керек екенін атап өткім келеді. Белгіленген шектеулерге қарамастан, кейбір нысандар жұмысын жалғастыруға ниетті. Кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту, оның ішінде қамауға алу жағдайлары да кездесуде. Сондықтан да біз бизнесті жауапкершілік туралы ескертіп, заңды талаптарды сақтауға шақырамыз» деп атап өтті.

Сұрақтар туындаған жағдайда Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының сенім телефондарына хабарласуға болады: 8 (727) 3310133 ішкі 7555, байланыс орталығы: +7 708 178 61 08. ҚР ҰЭП «Атамекен» байланыс орталығы 1432.

 

АЛМАТЫ