Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Алматылықтар үшін шығармашылық үйірмелер онлайн жұмысын бастады

13 реткөрсетілді

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы тұрғындардың мәдени өмірін қолдау мақсатымен онлайн режимде бірқатар іс-шаралар ұйымдастыруда. Көреремен үшін тегін онлайн-шығармашылық үйірмелер, курстар, подкасттар мен тренингтер басталды.

Жамбыл атындағы жасөспірімдердің қалалық кітапханасы базасында 16 наурыздан бастап кітап оқу мен шолу, тренингтер және шығармашылық үйірмелер туралы күнделікті хабар таратылуда.

С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы базасында оқушыларға арналған «Шахмат академиясы» мен «Физика және математика» онлайн үйірмелерінің көрсетілімі жүруде.

28 наурыздан бастап Almaty Creative шығармашылық үйірмесінің YouTube арнасында тікелей эфирлері басталды. Түрлі техникамен сурет салу бойынша балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтарын кәсіби көркем білімі мен 10 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар Masterclass.almaty шығармашылық студиясының оқытушылары жүргізеді.

30 наурыздан бастап осы Almaty Creative үйірмесінің YouTube арнасында мектеп оқушыларына арналған.

Шығармашылықты дамыту мектебінің оқытушылары жүргізетін «Жеке тұлғаны мәдени мұра арқылы дамыту» онлайн-курсы басталады. Курс қазақ және орыс тілдеріндегі 10 онлайн-тренингтен тұрады. Сабақтарға дәрістерден басқа практикалық жаттығулар да кіреді. Курс бастауыш сынып оқушыларына арналған және шығармашылық пен заманауи оқытудың креативті технологиясын біріктіреді.

Сонымен қатар, 30 наурыздан бастап заманауи өнер туралы білім алаңы онлайн форматта басталады. Үш апта бойы аталған Мектеп қатысушыларына Қазақстан және әлемдік заманауи өнер тарихы, жаңа технологиялар, философия және өнер менеджменті туралы дәрістер қолжетімді болады.

«Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен біз балаларымыз бен жасөспірімдердің мәдени-гуманитарлық дамуы бойынша онлайн жобаларды, сондай-ақ ересектерге арналған пайдалы курстарды жүзеге асырып жатырмыз. Алдағы уақытта біз вокал, балет, актерлік шеберлікке арналған онлайн-мектептер ашуды жоспарлап отырмыз», –деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев.

Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген онлайн-шаралардың бәрі тегін және Almaty Creative үйірмесінің YouTube арнасында, almatycreative.kz. сайтында қолжетімді. Анонстар мен сабақ кестелері @almaty.creative және @almatymadeniet. аккаунттарына орналастырылады.

Соңғы жаңалықтар

Абылайханның ақ жолы

Аймақтар • Бүгін, 10:05

Ақмолада қайырымды жандар көп

Аймақтар • Бүгін, 09:31

Шайқының домбырасы

Өнер • Бүгін, 08:15

Театр алдындағы тарландар

Руханият • Бүгін, 08:13

Пандемия: Стивен стихиясы

Әлем • Бүгін, 07:51

Лу Шүн. Маржан сүзген жазушы

Әдебиет • Бүгін, 07:50

Тұтқын тағдыры

Руханият • Бүгін, 07:34

Жаз шықпай-ақ қурай бастады

Экология • Бүгін, 07:30

Экология бәрімізге ортақ

Экология • Бүгін, 07:27

Мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Экономика • Бүгін, 06:45

Ұмтылғандар ұтады

Бизнес • Бүгін, 06:41

Фермерлердің көңілі әлі де күпті

Экономика • Бүгін, 06:39

Сахара үнінің саңлағы

Өнер • Бүгін, 06:37

Бетперде режімін бұзуға болмайды

Коронавирус • Бүгін, 06:32

Ұқсас жаңалықтар