Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

«Қызыл Ай» қоғамы тұрғындарға азық-түлік таратты

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жалпыұлттық «Біз біргеміз!» акциясы аясында қайырымдылық шаралары жалғасып жатыр. Қазір қоғамдық ұйымдар мен ынталы топ өңірдегі көмекке зәру адамдар мен мұқтаж отбасыларды анықтап, қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да тұрмыстық керк-жарақпен тегін қамтуды ұйымдастыруда.

«Қызыл Ай» қоғамы тұрғындарға азық-түлік таратты

Аймақта қайырым жасау ісіне алғашқы лекте «Қызыл Ай» қоғамы үн қосты. Белсенді топ Талдықорған қаласында тұратын көпбалалы отбасылар мен көмекке мұқтаж зейнеткерлерге, жұмыссыз қалған адамдарға азық-түлік таратуға кірісті. «Қызыл Ай» ұйымының белсенділері жинақтап, тұрғындарға ұсынған азық-түлік әрбір азық-түлік қапшығының құны 8-10 мың теңге шамасында екен. Сонымен бірге ұйым қызметкерлері өз қолдарымен тәтті, дәмді тағам түрлерін пісіріп, оны да тізімдегі әулеттерге табыс етіп жатыр.

- Біздің ұйымның әуелгі мақсатының өзі қиындықта қалып, көмеке мұқтаж болған адамдарға жәрдемдесу ғой. Пандермия тараа бастаған күннен бері «Қызыл Ай» еріктілері де күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қазір барлық өңірде мұқтаж жандардың тізімі жасалып, ұйым тарапынан азық-түлік тарату, ақыл-кеңес беру ісі қолғаалынған. Біз де Талдықорған қласы әкімдігімен бірлесіп көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты адамдарға көмек беруге кірістік. Шара барысында жұқпалы індеттің қауіпі жайлы түсіндірме жүргізіп, карантин кезіндегі сақтық ережесін үйретіп жатырмыз, - дейді «Қызыл ай» қоғамының Алматы облысындағы өкілі Әлия Қорабаева.

Алматы облысы