Қазір ең өзекті мәселенің бірі коронавирустық инфекцияның алдын алу бағытында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып отыр.
Осыған байланысты Шымкент қаласының әкімдігі құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, адам қарасы көп жерлерде дыбыс ұлғайтқыш құралдың көмегімен сақтық шаралары туралы ақпараттар беруде.
Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің автокөлігімен адам көп жүретін көшелерде, аулалар мен базарларда, қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтау туралы айтылып, оқыс жағдайда үрей туғызбау, көпшілік орындарға бармау, жалған ақпарат таратпау, мүмкіндігінше үйде отыру жайлы түсіндірілуде.
Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Қаладағы қоғамдық орындар дезинфекциялануда.
Еске сала кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блок бекеті қойылған. Блок бекеттерде медицина мамандары халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылап, дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді.
Шымкент