Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Алакөл жағажайларында залалсыздандыру жұмысы жүргізілді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпсіздік шараларын сақтау және індеттің алдын алу мақсатында Алматы облысының Алакөл ауданында залалсыздандыру жұмыстары басталды.

Алакөл жағажайларында залалсыздандыру жұмысы жүргізілді

Қазірге дейін аудан орталығы Үшарал қаласындағы адамдар көп шоғырланатын көпшілік орындарды дәрілеу аяқталды. Қаладағы Қонаев көшесі бойында орналасқан Орталық базар, Даңқ аллеясы, Д. Қонаев атындағы орталық алаң, «Ислам», «Достық» сауда үйлеріне толықтай дезинфекция жұмыстары жүргізілген.

Залалсыздандыру үшін  аумақтағы 40389 әскери бөлімінің арнайы 2 техникасы мен 64 жедел жасағы жұмылдырылды. Сондай-ақ бұл жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес Алакөл жағажайында жалғасатын болады.

 

Алматы облысы