Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Ақтау қаласы карантинге жабылған жоқ

1259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін әртүрлі әлеуметтік желілерде жарияланған «30 наурыздан бастап Ақтау қаласы карантинге жабылады» деген ақпарат - жалған. Тек өңірде бірқатар шектеу шаралары енгізілген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласының бас санитар дәрігері Асима Жарылғасова айтты.

Ақтау қаласы карантинге жабылған жоқ

Шектеулерге нақты тоқтала кетсек, таңғы сағат 8.00-ден кешкі 19.00-ге едйін ғана Ақтаудағы қоғамдық көліктердің (автобус, газель) қозғалысына рұқсат.

Жеке көліктер мен жолаушылар таситын такси (егер жеңіл көлік болса) қозғалысына шектеу жоқ. Барлық бағыттағы қалааралық, ауданаралық қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл шектеудің жеке көліктерге қатысы жоқ.

Сондай-а, «Маңғыстау-Бейнеу» бағытындағы пойызының жүруіне шектеу қойылды. Азық-түлік, дәрі-дәрмек және тағы басқа халыққа қажеттіні тасымалдайтын кез келген көліктердің қозғалысына шектеу жоқ.

Маңғыстау облысының аумағында жол жабылған жоқ. Сонымен қатар халық қозғалысына енген шектеулер де айтылды. Ол сайтта хабарланған болатын.

 

Маңғыстау облысы