Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтанда ШОБ субъектілеріне карантин талаптарын түсіндіру шаралары жалғасуда

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта ақпараттық-түсіндіру шараларымен 250-ден астам шағын және орта бизнес субъектілері (көп пәтерлі үйлерде орналасқан дүкендер, аула дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер) қамтылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда ШОБ субъектілеріне карантин талаптарын түсіндіру шаралары жалғасуда

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында мәлімдегендей, короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында прокурорлар, полицейлер, әкімдік және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті кызметкерлерінен тұратын мобильдық топ кәсіпкерлік субъектілері арасында карантин талаптары мен төтенше жағдай режимін сақтау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«29 наурыздағы жағдайға сәйкес, 250-ден астам шағын және орта бизнес субъектілері (көп пәтерлі үйлерде орналасқан дүкендер, аула дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер) түсіндіру шараларымен қамтылды. Жеке меншік иелері мен жалға алушылар аралау барысында «Төтенше жағдай туралы» заң, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулылары және қалалық шұғыл штаб шешімінің талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар аясында жұмыс кестесін және тәртібін белгілеу, санитарлық және дезинфекциялық шаралар талаптарын сақтау қажеттігі айтылды», – деп хабарлады қалалық прокуратурадан.