Егер жұмыс орнынан анықтама немесе жеке куәлік болса, тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері бағытта қатынауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрғылықты жері немесе жұмыс орны жақын орналасқан дүкендер мен дәріханалардан сатып алуға, медициналық мекемеге баруға, үй жануарларын тұрғылықты жерге жақын жерде серуендетуге шектеу қойылмайды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімімен көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан дүкендерге жұмыс кестесі сағат 10:00 бастап 20:00 дейін болып белгіленді.