Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

«Әлемге танымал жазушымын» деп әдепсіздік танытты

10276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда сақтық шараларын күшейту мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне 35 блок-пост қойылған. Тәулік бойы жұмыс істейтін блок-посттардан ары-бері өтетін  мыңдаған көлік тіркеліп және ондағы жолаушылардың тексерілетіні мәлім. Кейде көліктің көптігінен кезек күтіп қалатын жәйттердің де кездесетіні заңды. Бұл орайда көпшілік жүргізушілер мен жолаушылардың түсіністікпен қарауы да мәдениеттіліктің, әдептіліктің бір көрінісі дер едік. Алайда...

«Әлемге танымал жазушымын» деп әдепсіздік танытты

Кентау-Түркістан бағытындағы бақылау-өткізу бекетіне барған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов келеңсіз көріністің куәгері болыпты.

«Көліктер заңды талапқа бағынбай, 2-3 қатарға тұрып, бекеттен кезексіз өтуге әрекет жасауда.  Бұл өз кезегінде кептеліс тудырып, азаматтардың уақыттарын алуда. Полиция қызметкерлері заңға бағынбаған адамдарға айыппұл салып, колоннаның соңына кезекке қайта жіберуде. Тіпті «Әлем халықтары жазушылары одағының» мүшесімін деген азаматша кезектен тыс өткізуін талап етіп шу шығарды. Заң бәріне ортақ болғандықтан, ол азаматшаның көлігі де кезек соңына жіберілді. Егер біз полиция талаптарына бағынбай, заңды сақтамасақ, бір-бірімізді сыйламасақ, кезекте ұзақ тұратынымыз анық. Барлық азаматтарға айтарым, қалааралық қозғалысты тоқтатып, үйде отырыңыздар дегім келеді. Сенбі-жексенбі күндері «шұғыл» жұмыстардың барлығын тоқтату қажет. Әкімдік пен ТЖ штабы айтқан ережелерді сақтауды өтінемін!», дейді Сәкен Қалқаманов әлеуметтік желідегі жазбасында.

иии

 

Түркістан облысы