Енді Гагарин кубогының жеңімпазын хоккейшілер емес, жанкүйерлер анықтайды. Яғни, жарыстың 1\4 кезеңінде ойнауы тиіс болған командалар ҚХЛ-дің әлеуметтік желідегі (ВК, Twitter, Одноклассник, Instagram) ресми парақшаларындағы сауалдама арқылы бәсекеге түседі. Бұл жерде де төрт мәрте жеңіске жеткен команда келесі кезеңге жолдама алады.
Алғашқы онлайн бәсекеде жерлестеріміз Новосібірдің «Сибирь» командасынан жеңілді. ҚХЛ ұйымдастырушыларының айтуынша, «Барыс» жанкүйерлері дауыс кезінде ереже бұзғаны үшін біздің командадан 50 пайыз дауысты шегерген. Қорытынды нәтиже – 61 845:43 520 «Сибирьдің» пайдасына.