28 Тамыз, 2013

Балаларға керек-жарақ табысталды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектепке балаларын дайындап, керек-жарағын түгендеу осы аптадағы қарбалас шақтың маңыздысы десе болады. Әр отбасы мектепке баратын балаларының киім-кешегін, оқу-құралдарын қаражаттарына қарай таңдап алары сөзсіз.

 5426-03-09Мектепке балаларын дайындап, керек-жарағын түгендеу осы аптадағы қарбалас шақтың маңыздысы десе болады. Әр отбасы мектепке баратын балаларының киім-кешегін, оқу-құралдарын қаражаттарына қарай таңдап алары сөзсіз.

Ал мұндай маңызды шараға белді ұйымдар мен ұжымдар да атсалыса бастады. Мәселен, Астанадағы «Нұр Отан» ХДП Алматы аудандық филиалының ұйымдастыруымен елордадағы «Астана-тазалық», «Цесна-астық» концерн, «Кредит банк орталығы», «Астана су арнасы», «№1 автобус паркі», «Қазақстан халық банкі» мен «Жаңа құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестері мен акционерлік қоғамдары бар, барлығы 15-тей кәсіпорын бірігіп, жағдайы төмен көпбалалы отбасыларына өз көмектерін көрсетті.

Іс-шара барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина, «Нұр Отан» ХДП Алматы аудандық филиалының төрағасы, Астанадағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың» бас директоры Абай Байгенжин мен бірқатар кәсіпорын басшылары сөз сөйлеп, қаладағы 1-4 сынып аралығындағы 250-ден аса оқушыға мектепке қажет құрал-жабдықтарды табыстады.

Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55