Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Науқастың жеке дерегін кім таратты?

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық полициясы коронавирус індетін жұқтырған науқастың жеке деректерінің әлеуметтік желіге таралып кетуіне кінәлі тұлғаны іздестіруге кірісті.

Науқастың жеке дерегін кім таратты?

Коронавирусты Атырау қаласына іссапарға барғанда жұқтырған 42 жастағы Әлия жеке көлігімен 27 наурыз күні кейін оралған. 28 наурыз күні таңертең дене қызуы көтерілгенін, әлсіздік жайлағанын байқаған. Сөйтіп, бірден 1406, 103 нөмірлеріне қоңырау шалып, өзінің жағдайын айтып береді. Оның үстіне вирусты ешкімге жұқтырмау үшін, ешкімді қауіпке душар етпеу үшін өз көлігімен оқшаулау орталығына жеке көлігімен өзі келіп орналасады. Сол жерде барлық дәрігерлер науқастың жағдайын тексеріп, анализдерін алып, ертеңіне оның шынында да коронавируске шалдыққанын анықтаған.

Ал енді осы адамның толық аты-жөні, қызметі қалайша көпшілікке жария болып кеткен? Әлия өзіне жан-жақтан таныстары телефон шалып, «болған оқиға туралы әлеуметтік желілерден көргенін» айтқанда, қатты таң қалған.

– Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ WhatsApp мессенжерінде науқастың жеке мәліметтері, тұрғылықты жері көрсетілген ақпарат көпшілікке тарап кеткен. Бұл қылмыстық жауапкершілікке тартылатын құқықбұзушылық. Бұл үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір осы қылмыс бойынша іс көтеріліп, Орал қалалық полиция басқармасы тергеу жүргізуде, – дейді Батыс Қазақстан облыстық Полиция депакртаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Батыс Қазақстан