Хабарламада осы уақыттан бастап облыс орталығындағы саябақтар, сауналар мен массаж бөлмелері, бильярд клубтары, интернет-клубтар, ойын орталықтары, букмекерлер, лото, спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар), футбол алаңдары, балалардың даму орталықтары және басқа да халық көп шоғырланған нысандардың жұмыстары арнайы ескертпеге дейін тоқтатылатыны хабарланған.
Жұмысы тоқтатылатын нысандар қатарында автокөлік, киім-кешек, мал базарлары, тойханалар, той салондары, банкет залдары және үй жағдайында өткізілетін барлық мерекелік, дәстүрлік (өзге ұлттардың ата-аналар күні, құран оқыту т.б.) іс-шаралар бар.