Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Атырау: Тұрақтандыру қорына қосымша 17 115 тонна ұн сатып алынады

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мәліметіне қарағанда, қазір 8 наубайхана үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Бұларда тәулігіне 40 мың бөлке нан пісіріледі. Ал, «Дәулет Нан»  ЖШС-нің нан пісіру цехы өндіріс қуатын ұлғайтуды көздеп отыр. Мұнда осы кезге дейін тәулігіне 7 мың бөлке нан пісірілген. Енді бұл  көрсеткішті тәулігіне 15 мыңға дейін көбейтпек.

Атырау: Тұрақтандыру қорына қосымша 17 115 тонна ұн сатып алынады

- Қазіргі уақытта  нан цехында 90 адам жұмыс істейді. Жұмысшылар санын қысқартпаймыз. Керісінше, біз қосымша адамдарды жұмысқа тартып, жұмысшылар қатарын көбейтеміз, -дейді «Дәулет Нан» ЖШС-нің өкілі Фарух Абдуллаев.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Атырау облысында 824 тонна ұн қоры бар. Оның 520 тоннасы тұрақтандыру қорында сақтаулы тұр. Жергілікті әкімдік төтенше жағдай кезіндегі тұрақтылықты сақтау үшін қосымша 17 мың 115 тонна ұн сатып алуды жоспарлап отыр.  

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ