Руханият • 30 Наурыз, 2020

Жұқпалы аурулар жайлы жаухар фильмдер

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Америкалық киносыншы Скотт Файнберг «Голливудтың алтын ғасыры» кезеңінде түсірілген жұқпалы аурулар мен эпидемиялар жайлы  фильмдердің тізімін жасады – деп хабарлайды Риа-Новости сайты.  

Жұқпалы аурулар жайлы жаухар фильмдер

Классикалық кинолардың көрермендеріне автор Уильям Уайлердің «Иезавель» (1938 ж.) драмасынан бастап көруді ұсынады. Оқиға ХІХ ғасырдың оратсында Жаңа Орлеанда өтеді. Джули Мардсен есімді бойжеткен мен Престон Диллард атты банкирдің үйлену тойы әне-міне өтейін деп тұрған. Бірақ, екеуі ұрсып қалады да той болмайды. Престон  елдің солтүстігіне кетіп қалады. Сол жақта басқа қызға үйленеді. Бір жылдан соң қайтадан Жаңа Орлеанға қайтып келеді. Елде адамдар сүзекпен ауырып жатыр екен. Жалпы, бұл фильмде халықтың ауыр кезеңдегі тұрмысы суреттелген. Фильм екі рет «Оскар» алған.

Киносыншы Джон Форд түсірген «Эрроусмит» (1931 ж) мелодрамасын эпидемия жайлы мықты фильмдердің үздік үштігінде көрсетеді. Фильм Мартин Эрроусмит (Рональд Колман) атты жас дәрігер туралы. Оны оба шыққан Кариб аралдарына жібереді. Сол жерде дәрігер оның алдында ғана жасаған препаратын сынап көреді.

«Камелия гүлін ұстаған әйел» (1936 ж) Александр Дюманың осы аттас пьесасының негізінде түсірілген. Оқиға ХІХ ғасырда, Парижде өтеді. Киносыншы бұл фильмді ерекше тартымды әртістер Грета Гарбо (Маргарита) мен Роберт Тейлор (Арман) үшін де көруге болады  деген пікірде. 

Скотт Файнберг сюжеті эпидемия мен жұқпалы аурулар жайлы фильмдер қатарында «Үзілген мелодия» (1955 ж), «Нью-Йоркті қорқытқан қанішер» (1950), «Доктор Эрлихтің сиқырлы оғы» (1940) фильмдерін де атайды.