Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Су тасқынына қарсы әрекеттер басталды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Солтүстік Қазақстанның ТЖ  департаменті аудандарға адам мен техника күштерін аттандырды. Олар жергілікті атқару органдарына тасқынға қарсы әрекетте көмек беретін болады.

Су тасқынына қарсы әрекеттер басталды

Топтың құрамында арнаулы техникалармен жарақтандырылған ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары» қызметінің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері бар. Арнайы техникалар суға батпайтындай етіп жарақтандырылған, сонымен бірге өздерімен бірге моторлы қайықтар алып жүреді. Олар тасыған су қоймасын кешіп, жүре алады. Сең үстінде қалып қойған адамдар мен малдарға осылай жетіп, құтқару көзделген. Сонымен бірге шағын өзендерде сеңді жаратын саймандары да бар. Топтың тағы бір міндеті қауіпке мониторинг жасауға бағытталған. Олар жергілікті билік пен тұрғындарды осы арқылы хабардар етіп отырады.  «Қазір арнайы топтар Уәлиханов, Мүсірепов және Айыртау аудандарына аттандырылды. Олар өз міндеттерін жақсы білетін мамандар. Сондықтан мен олардың су тасқынына қарсы қызметі жоғары деңгейде болып, адамдар мен мүліктерді құтқаруда жақсы нәтиже көрсететініне сенімдімін», дейді ТЖ департаментінің бастығы, полковник Рамиль Камалов.

Ал оның орынбасары, майор Игорь Жуков топтардың қанша техника бірліктерімен қамтамасызщ етілгенін нақты айтып, мамандардың саны 30 адам екенін ескертті.

Солтүстік Қазақстан облысы