Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Атырау: Шетелдік компания коронавируспен күреске 1,3 млрд теңге бөлді

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы ірі инвестордың бірі – «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны коронавируспен күрес шараларына 1,3 млрд теңге бөлді.

Атырау: Шетелдік компания коронавируспен күреске 1,3 млрд теңге бөлді

Компанияның Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтың айтуынша, Теңіз кен орнында медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 300 орындық оқшаулау орны дайындалған. Қазір компания қызметкерлері  дене қызуы  өлшенгеннен кейін ғана жұмыс орнына жіберіледі. Ал, кеңсе қызметкерлерінің 70% қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен. Олардың жалақысы сақталады.

- Компанияның  есебінен бөлінген 1,3 миллиард теңгеге медициналық  құрылғылар мен жабдықтар сатып алынып, Атырау облысының денсаулық сақтау мекемелеріне беріледі. Қазірдің өзінде құрылғылардың бір бөлігі әкелінді.  Қалғаны жақында жеткізіледі. Сондай-ақ, «Теңізшевройлдың» бастамасымен «Атырау-Астрахан» тас жолы бойындағы оқшаулау бекеті жабдықталды, - деді компанияның Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Жұмасат ҒАЗИЗ