Медицина • 30 Наурыз, 2020

Медицина университетінің студенттері карантин орталықтарында болды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының карантиндік орталықтарында және еріктілер штабында қазір ҚазҰМУ-дың 50-ден астам жоғары сынып оқушысы жұмыс істейді. Резиденттер мен интерндердің тәжірибе алаңындағы жұмысы қауіпті болғанымен де, олар күнделікті таңертеңнен кешке дейін жұқпалы ауру дәрігерлеріне көмектесіп жүр.

Медицина университетінің студенттері карантин орталықтарында болды

Университеттің Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, олар науқастардың дене қызуын өлшейді, көмекке зәру адамдар тұратын үйлерге - бірінші кезекте көп балалы отбасылар, мүгедектер мен зейнеткерлерге азық-түлік жеткізіп береді. Ақ халатты еріктілер карантин аймақтарының жұмысына белсенді қатысуда әрі халықаралық рейстермен келетіндердің тізімін жасап, өткізу пункттерінде жұмыс істеуде.

ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожиннің айтуынша, бұл - ақ халатты еріктілердің өз бастамасы. Олардың бұл игі шарасы болашақ білікті мамандар үшін құптарлық іс.

Болашақ дәрігерлер тек карантиндік аймақтар мен еріктілер орталықтарында ғана емес, қаладағы ауруханаларда да адам жанының арашасы болып жүр.   

 

АЛМАТЫ