Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

6 сәуірге дейін елорда көшелері сағат 20:00-ден 06:00-ге дейін залалсыздандырылады

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала тұрғындарын кешкі және түнгі уақытта көшеге шықпай, үйде болуға шақыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

6 сәуірге дейін елорда көшелері сағат 20:00-ден 06:00-ге дейін залалсыздандырылады

«30 наурыз - 6 сәуір аралығы сағат 20:00-ден 06:00-ға дейін коммуналдық қызметтер көшелер мен аулаларда, қоғамдық орындарда залалсыздандыру шараларын жүргізеді. Аталмыш шаралардың тиімділігі үшін төтенше жағдай режимі күшейтілген кезеңде сағат 20:00-ден кейін үйден шықпауларыңызды сұраймыз» делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жедел штабының хабарламасында.