![Атырауда №3 емхананың жұмыс істеу режимі өзгерді](/media/2020/03/30/crop-17_14_558x991_23cc2f8b50176e4b2ea1d2652211cf26.jpg)
«Коронавирус жұқтырған науқаспен 27 байланысушының бар екендігі белгілі болды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылды» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес, енді №3 қалалық емхана 30 наурыздан қашықтан жұмыс істейтін болды. Медициналық мекемеге жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.
Жұмасат ҒАЗИЗ