Руханият • 30 Наурыз, 2020

Okko онлайн-кинотеатры «Алтын маска» сыйлығының спектакльдерін жариялады

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Okko онлайн-кинотеатры «Алтын маска» Ресейдің ұлттық театр сыйлығына қатысқан спектакль жазбаларын жариялады.

Okko онлайн-кинотеатры «Алтын маска» сыйлығының спектакльдерін жариялады

Веб-сайттың ««Искусство онлайн» бөлімінен Андрей Могучий, Кирилл Серебренников, Деклан Доннеллан, Денис Бокурадзе, Йохан Кобборг сынды театр майталмандарының қатысуымен жүлде алған спектакльдерді таңдай аласыз.

Жинақты үш ай бойы тегін көруге болады. Art Online бөлімінде қойылымдардан басқа, концерттер мен виртуалды турлар топтамасы бар.

«Алтын маска» - 1994 жылы РФ театр қайраткерлері одағы белгілеген жоба. Ол театр өнерінің драма, опера, балет, қазіргі заманғы би, оперетта, мюзикл, қуыршақ театры секілді жанрлары бойынша қойылатын спектакльдердің үздіктеріне жүлделер беріп отырады. Өнер мерекесі жыл сайын ақпан айында басталып, сәуірдің ортасы ауа өзінің мәресіне жетеді. Осы уақыттың бәрінде елдің түкпір-түкпіріндегі әртүрлі театрлар өздерінің мейлінше табысты деп есептелген қойылымдарын кезекпен Мәскеуге әкеліп қояды. Осылардың арасынан «Алтын маска» жүлдесін бірнеше номинация бойынша алуға үмітті қойылымдар іріктеліп шығарылып, соңғы талқылауға ұсынылады. «Алтын маска» - Ресейдің театр өнері саласындағы беделді де қомақты марапаты ғана емес, ол сонымен қатар театр үшін аса маңызды стратегиялық кешенді міндеттерді шешуге қызмет атқаратын нағыз мәдениет институты.