Қоғам • 30 Наурыз, 2020

Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында азық-түлік пен маскалар таратылды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің қалаларымыздың барлық негізгі көшелерінде біз азаматтарға бетперделерді тегін тарата алатын боламыз. Бұл үкімет алдында тұрған өте шұғыл және жедел міндет» деп атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мүшелері қайырымдылық шараларын өткізіп, қолғабыс етті.

Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында азық-түлік пен маскалар таратылды

Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен демеушілер азық-түліктер жиынтығын, маскалар, дезинфекция құралдарын және т.б. таратты. Атап айтқанда, «Возрождение» облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі зейнеткерлерді қолдау жөніндегі жобаға атсалысып, аптасына екі, үш рет ыстық түскі ас беріп, 32 азық-түлік жиынтығын таратты. Павлодар облысындағы «Мерказ» еврей этномәдени бірлестігі қоғамдық орындарда 4500 дана бетперде таратты, «Буковина» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі аз қамтылған азаматтарға азық-түлік жиынтығын дайындап, таратты, сондай-ақ балалар бетперделерін таратуды ұйымдастырды. «Ватан» әзірбайжан қоғамы» қоғамдық бірлестігі Наурыз мерекесіне орай 100 балаға конфеттер жиынтығын таратты.

Солтүстік Қазақстан облысында өңірде коронавирустық инфекцияға жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын күшейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен, волонтерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері адамдар көп жиналатын жерлерде: сауда орталықтарында, медициналық мекемелерде, Петропавл қаласының көшелерінде, сондай-ақ облыс аудандарында ақпараттық буклеттер таратуды ұйымдастырды. Ақпаратта коронавирустық инфекцияны жұқтыруға жол бермеу жөнінде сақтық шаралары туралы  ақпарат бар.

Сонымен қатар, волонтерлер қауіп-қатер тобындағы қарт адамдарға қажетті дәрі-дәрмектер мен азық-түліктерді үйге жеткізу арқылы көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды.