Президент • 30 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуіне қатысты пікір білдірді

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуіне қатысты пікір білдірді

«Шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен мұқият танысып шықтым. Қазіргі төтенше жағдай кезінде көтеріліп отырған мәселелер өзекті. Барлық өтініштер мен ұсыныстар мұқият сарапталады. Сонымен қатар басқа да шаралар қарастырылады» деп жазды Президент.

Сондай-ақ Президент қабылданған шешімдерді әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа пакеті бойынша жұмыстар аяқталған соң жариялайтынын мәлімдеді.