Медицина • 30 Наурыз, 2020

Дәрігердің дұрыс диагнозы – ауруды асқындырмаудың жолы

95 реткөрсетілді

Коронавирус пен тұмаудың белгілері ұқсас. Сондықтан респираторлық ауруларды бір-бірінен айырып, жазбай тануы үшін дәрігер білікті болуы қажет. Ал әлемде өршіген індет жайында мамандарымыз қаншалықты хабардар? Осыны анықтау үшін еліміздегі Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы жоғары білімді медициналық қызметкерлерге арналған тегін тест жүйесін ұсынып отыр.

Орталықтың төрағасы Гүлмира Жангереваның айтуынша, мамандарға онлайн режимде ұсынылатын тест жүйесі дәрігерлердің коронавирус туралы, оның алғашқы белгілері жөнінде қаншалықты хабардар екенін анықтауға көмектеседі. «Індет жұқтырғандармен бетпе-бет келетін алдымен – дәрігерлер. Вирус кезінде олардың өздері де сақтық шараларын қатаң сақтап, аурудың алғашқы белгілері байқалысымен, медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Сондықтан қхалаттылар сырқат жанға дұрыс диагноз қоя алуымен бірге, өздері де вирус туралы жеткілікті білуі керек. Онлайн тесттің мақсаты да сол – мамандардың вируспен күреске дайындық деңгейін тексеріп, кемшін тұстарын толықтыру» дейді орталық басшысы. Сондай-ақ, бұл тестілеу жүйесі дәрігерлердің тиісті стандарттар мен клиникалық хаттамалар және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған әдістемелік ұсынымдар туралы білімін жетілдіруді көздейді. Тестілеу қорытындысы бойынша аналитикалық есеп жасалып, біліктілік саласында анықталған кемшіліктер болса, түзеуге ұсынымдар әзірленбек.

Өзін-өзі бағалау тесті ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында "COVID-19 бағалау" бөлімінде жарияланды. Онлайн тестілеуден өту үшін ҰТО жүйесіне тіркелу қажет және оған кіру логин (үміткердің ЖСН-і) мен пароль арқылы жүргізіледі.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Соңғы жаңалықтар

Тазалық бар жерде тәртіп бар

Аймақтар • Бүгін, 15:08

Полицейлердің еңбегі еленді

Аймақтар • Бүгін, 14:39

Шымкентте 22 адамнан Covid-19 анықталды

Коронавирус • Бүгін, 10:05

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Бүгін, 09:30

Із қалдырған ірі тұлға

Қоғам • Бүгін, 07:06

Қосаевтар әулетінің қасіреті

Руханият • Бүгін, 06:56

Құрдым (төрттаған)

Әдебиет • Бүгін, 06:20

Ұқсас жаңалықтар