Орталықтың төрағасы Гүлмира Жангереваның айтуынша, мамандарға онлайн режимде ұсынылатын тест жүйесі дәрігерлердің коронавирус туралы, оның алғашқы белгілері жөнінде қаншалықты хабардар екенін анықтауға көмектеседі. «Індет жұқтырғандармен бетпе-бет келетін алдымен – дәрігерлер. Вирус кезінде олардың өздері де сақтық шараларын қатаң сақтап, аурудың алғашқы белгілері байқалысымен, медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Сондықтан қхалаттылар сырқат жанға дұрыс диагноз қоя алуымен бірге, өздері де вирус туралы жеткілікті білуі керек. Онлайн тесттің мақсаты да сол – мамандардың вируспен күреске дайындық деңгейін тексеріп, кемшін тұстарын толықтыру» дейді орталық басшысы. Сондай-ақ, бұл тестілеу жүйесі дәрігерлердің тиісті стандарттар мен клиникалық хаттамалар және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған әдістемелік ұсынымдар туралы білімін жетілдіруді көздейді. Тестілеу қорытындысы бойынша аналитикалық есеп жасалып, біліктілік саласында анықталған кемшіліктер болса, түзеуге ұсынымдар әзірленбек.
Өзін-өзі бағалау тесті ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында "COVID-19 бағалау" бөлімінде жарияланды. Онлайн тестілеуден өту үшін ҰТО жүйесіне тіркелу қажет және оған кіру логин (үміткердің ЖСН-і) мен пароль арқылы жүргізіледі.
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ