Бұл туралы Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін бақылау департаметі басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді. Сонымен қатар, ол бірқатар нысандардың есік тұтқаларын дәке маталармен орау - санитарлық талаптарға сай емес екенін айтты.
Жалпы COVID-19-бен күрес және індеттің алдын алу облыс бойынша кең ауқымда жүргізілуде. Бүгіннен бастап Түркістан облысының аумағына азаматтардың кіріп-шығуын бақылап - тексеруден өткізетін блок-посттар саны 38-ге жеткізілді. Бақылау бекеттерінен тәулігіне 36 мыңнан астам адам тексеруден өткізілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі блок-посттарда бейнебақылау камералары орнатылған. Коронавирус індетінің таралуына жол бермеуге және жағдайды сараптамаға ала, халыққа шынайы ақпарат дерегін жариялап отыруға бағытталған, тәулік бойы жұмыс істейтін ситуациялық орталықта барлық құзырлы басқармалардың мамандары жұмылдырылған.
Түркістан облысы