Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Алматыда халықаралық әуе рейстері тоқтатылды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қаусылына сәйкес, 2020 жылдың 1 сәуірі сағат 00.00-ден бастап, Алматы қаласында халықаралық әуе рейстері тоқтатылады.

Алматыда халықаралық әуе рейстері тоқтатылды

Бұл Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық COVID-19 инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында жасалынып отыр.

Енді Алматы қаласындағы «Алматы халықаралық әуежайына» барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуі ерекше өкімге дейін тоқтатылатын болады.

«Халықаралық Алматы Әуежайы» АҚ осы қаулыны орындау үшін тиісті шаралар қабылдап, оның орындалуын бақылау Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерге жүктелді. Бұл қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.