Елдің Денсаулық министрлігі: - Маскалардың сапа деңгейі халықаралық стандартқа сай емес, - деген пәтуа шығарса, дәрігер-мамандар, аталмыш құрал тіпті қандай бір қарапайым вирусты сүзіп алатындай қауқары жоқ дегенді айтады.
Қазіргі таңда Нидерланд елінде 9 762 адам дерт жұқтырса, осының 639-ы бақиға аттанған. Қазір ел көлемінде карантин тоқтатылып, жүріс-тұрыс тиылған. Барлық қызмет көрсету орындары, мектептер жабық.
Өткен аптада Испания елінде де осындай шу шықты. Яғни, вирус анықтау мақсатында Қытайдан сатып алған сынама-құралдың бар болғаны 30 пайызы ғана дұрыс істеген. Сол сияқты Чехия да Аспанасты елінен сатып алған 200 мың сынаманың 80 пайызы қателік жібергенін айтып дабыл қағуда.
Біздің айтпағымыз: еліміз коронавирус анықтайтын сынама құралдарын көршімізден алған болса, жағыдай мәз емес деген сөз.