Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Павлодарда «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған көпір құрылысы аяқталмаған

439 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірімізде  2013 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында   «Астана-Павлодар» автобан жолы  құрылысы басталды.

Павлодарда  «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған көпір құрылысы аяқталмаған

Яғни, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде   «Орталық Шығыс» дәлізі жобасы жасалды.

Астанадан Екібастұзға, Екібастұздан Павлодарға дейінгі аралықта жүргізіліп жатқан жол құрылысын одан әрі  Шығыс Қазақстанға жеткізуі керек.

 Ал, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы АҚ-тың облыстық филиалының мәліметінше, Орталық–Шығыс» дәлізі аясында Ақмола облысының шекарасынан Павлодардың Ленин кентіне дейінгі аралықтағы жолды жөндеу жұмыстары басталған.

Біздің облыс бойынша  6 бөліктен тұратын жолдың жалпы ұзындығы 215 шақырымды құрайды.

Болашақта, «Астана-Павлодар» бағыты бойынша жүретін автомобиль жолын пайдаланушылар 1-санатты, төрт жолақты автомобиль жолымен қауіпсіз және жайлы жетуіне жағдай жасау үшін, облыстық филиал барлық күш қуатын салады делінді.

Сонымен бірге,  Ертіс өзені арқылы өтетін облыс орталығы мен Ақсу қаласын қосатын жаңа көпір құрылысы «Орталық–Шығыс» дәлізі шеңберінде  басталған-ды.

 «Қазавтожол» АҚ жергілікті филиалының мәліметтерінше, көпірдің құрылыс жұмыстарымен «Қаз Дорстрой» компаниясы айналысқан.

 Көпірдің  ұзындығы 12,3 шақырымды құрайды. Өзеннің екі жағалауынан қарама-қарсы бағытта бір уақытта басталған құрылыс түйісіп, су үстіндегі аспалы көпірдің ортасы жалғанып та қойды.

Жобаның құны-53 млрд теңгеге бағаланған. Көпірді іске қосу үшін 10 мың тонна металл және 30 мың текше метр бетон пайдаланылған.

Сөйтіп, Ертіс өзеніне салынған «Нұрлы жол» атты жаңа ғасыр көпірі 2016 жылы пайдалануға да берілді.

Бірақ, көпір құрылысының әлі аяқталмаған бөлігі бар. Ол облыс  орталығына  қарасты Кенжекөл ауылы жанындағы жол қиылысы.

Қалалық мәслихат депутаттары  бұл мәселені республикалық деңгейде көтеру керектігін айтуда.

Ал, «Қазавтожол» АҚ филиалының басшылығы мұның себебін ең алғашқы жасалған жобалық-сметалық құжаттар қате әзірленген.

 Сондықтан, көпірден шығатын жол қиылысын аяқтау кейінге шегеріліпті. Құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін тағы да  13 млрд теңге қаражат керек деседі.

 ПАВЛОДАР

Суретті түсірген: Валерий Бугаев