2020 жылғы 1 сәуірдің 00:00 сағатынан бастап өңірде мынадай шаралар қолға алынады: облыс аумағы бойынша 9 блокпост қойылады.
Екінші, кез- келген көлік құралымен шекаралас облыстарға/шекаралас облыстардан жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
Үшінші, облыс ішіндегі елдімекендер арасында кез келген көлік түрімен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
Төртінші, дипломатиялық қызметтерді, емделуге баратын адамдарды, азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар тиелген транзиттік жүк көліктерді (эпидемияға қарсы дезинфекциялауды және сақтық шараларын қатаң қадағалай отырып) қоспағанда, еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындары мен басқа мемлекеттердің азаматтарының кіруіне тыйым салынады.
Бесінші 2:00-ден кейін тұрғындардың пәтерден, үйден шығуы шектеледі. Тек қана тұрып жатқан жеріне жақын дәріханалар мен азық-түлік дүкендеріне, жұмысқа және медициналық көмекке баруға ғана рұқсат беріледі.
Алтыншы, тұрғындардың қоғамдық орындарға, оның ішінде жағалауларға, саябақтарға, алаңдарға, ойын және спорт алаңдарына, сондай-ақ тағы да басқа жерлерге баруы шектеледі.
Жетінші, эпидемияға қарсы режимге байланысты қоғамдық көліктерде, адамдар көп жиналатын орындарда, дүкендерде, сауда орталықтары мен үйлерде, тұрғын үйлерде, аялдамаларда және тағы да басқа жерлерде дезинфекциялау жұмыстары күшейтіледі.
Барлық шаралар облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Төтенше жағдай жөніндегі облыстық штаб тұрғындардан эпидемияға қарсы енгізілген талаптарды түсіністікпен қабылдауды және оларды қатаң сақтауды сұрайды.
ПАВЛОДАР