Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Kcell және activ абоненттері үшін қазақстандық интернет-ресурстары тегін

2421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Кселл» АҚ «Қазақтелеком» АҚ тобының құрамында күрделі эпидемиологиялық жағдайда өз клиенттеріне қолдау көрсету үшін қабылданған шаралар туралы хабарлады.

Kcell және activ абоненттері үшін қазақстандық интернет-ресурстары тегін

30 наурыздан бастап арнайы интернет-тарифтік жоспарына сәйкес ұялы байланыс абоненттері қазақстандық интернет-ресурстарға тарифтелмеген қолжетімділікті ұсынады. Енді Jańa тарифтік желісінің абоненттері күнделікті тегін бонустық топтаманы қоса алады. Оған Kcell / activ желісі ішінде 30 минуттық дауыстық байланыс және барлық Kaznet сайттарыны тарифтелмеген жүйеде қосылады.

Қазақстандық веб-ресурстарға ақысыз қолжетімділік білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқыту кезеңінде маңызға ие. Осылайша, «Кселл» барлық Kcell және activ абоненттері үшін жоғары оқу орындарының сайттарына, анықтамалықтардың электронды дерекқорларына, онлайн күнделіктерге, электронды білім беру порталдарына және ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған басқа білім беру ресурстарына ақысыз қолжетімділікті қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар қашықтықтан ауыстыру және SIM-карталарды үйге тегін жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Мегабайттар төтенше жағдай кезінде www.coronavirus2020.kz сайтына кіруге де мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, оператор барлық Kcell және activ абоненттеріне банктер мен мобильді банкингтер сайттарына қолжетімділікті ұсынады. Бұдан бұрын мәлім болғанындай, медицина қызметкерлеріне көмек көрсету аясында «Кселл» коронавирустық пандемиямен күресетін қазақстандық дәрігерлер үшін ақысыз байланыс пакетін ұсынды.

АЛМАТЫ