Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Kcell мен activ абоненттері мобильді нөмір арқылы коммуналдық қызметтер ақысын төлей алады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Kcell және activ теңгерімінен билеттерді сатып алумен қатар байланыс, теледидар, коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге де болады. Сонымен қатар компания Сәтті Жұлдыз лотерея билетін сатып алуды жеңілдетті. Енді Kcell және activ абоненттері лотерея билеттерін сатып алу үшін өз мобильді нөмірінің теңгерімін пайдалана отырып төлей алады.  SMS арқылы төлеу: 9087 нөміріне «Telebingo»немесе «Телебинго» мәтіні бар SMS жолдау. Төлемді растау туралы SMS-хабарлама алу және жауап хабарламасында «1» жолдау.

Kcell мен activ абоненттері мобильді нөмір арқылы коммуналдық қызметтер ақысын төлей алады

Төлем сәтті жүргізілген жағдайда абонентке mobimoney нөмірінен хабарлама және билет нөмірі, нөмірлердің тіркесімі және 9087 нөмірінен тираж уақыты туралы хабарлама келеді. Cайтта төлеу https://www.szhuldyz.kz/ Төлем әдістерінде «мобильді нөмір теңгерімінен төлеуді» таңдау. Төлем жүргізілетін телефон нөмірін енгізу; mobimoney нөмірінен растау кодын алу; Сайтта растау кодын енгізу арқылы төлемді растау.

Билеттерді мобильді нөмір теңгерімінен төлеген жағдайда комиссия ұсталмайды.  Сонымен қатар, банктік картаны қосудың қажеті жоқ.  Билеттерді кез келген уақытта сатып алуға болады.  Сауда нүктелерін іздемей-ақ билеттерді мобильді телефоннан-ақ сатып алуға болады. 15 000 теңгеге дейінгі ұтыстар автоматты түрде абоненттің теңгеріміне түседі.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар