Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Жанармай мен дизель отынын өндірушілер жыл соңына дейін акциздерден босатылады

224 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда бензин мен дизель отынын өндірушілер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін акциздерден босатылады. Бұл тізімге авиаотын кірмейді. Үкіметтің ақпарат ресурсындағы мәліметтерге сүйенсек, бұл туралы Үкіметтің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 141 қаулысында айтылған.

Жанармай мен дизель отынын өндірушілер жыл соңына дейін акциздерден босатылады

Президенттің «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан әрі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығына сәйкес Үкімет қаулы ете отырып, 2020 жылдың 1 қазанына дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілген тауарларды сату және импорттау кезінде қосылған құн салығының 8% мөлшерлемесі белгілеп, ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасында акцизделетін тауарларды өндірушілер экспортқа сатылатын бензинге (авиацияны қоспағанда) акциздерден босатты. Сондай-ақ, туризм, тамақтандыру және қонақ үй қызметтері саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері үшін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы ставкаларына «0» коэффициентін белгілеу тапсырылды.

Ал Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро, шағын немесе орта кәсіпорындарға жіктелген салық төлеушілер үшін: барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің 2020 жылдың 1 маусымына дейін қамтамасыз ету; тәуекелі жоғары дәрежедегі салық төлеушілерді қоспағанда, салық міндеттемелерін уақтылы орындамау және салықтық және кедендік қарыздың, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің орындалуын қамтамасыз ету әдістерін қолдану бойынша іс-шараларды ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін тоқтата тұруға;  төтенше жағдай туындаған кезде пайда болатын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны орындауды ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін ұзарту (15-тен бастап) жоғары тәуекел дәрежесі бар салық төлеушілерді қоспағанда, биылғы жылдың наурызынан 15 сәуіріне дейін);  мемлекеттік кірістер органдары төтенше жағдайлар кезінде жүргізетін тексерулердің мерзімін тоқтатады.