Әлем • 31 Наурыз, 2020

«Dzintars» аукционда 6,9 миллион еуроға сатылымға қойылды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парфюмерия және косметика өндіруші Латвиялық Dzintars зауытының төлем қабілетсіздігі бойынша әкімшісі өндірістік және кеңсе ғимараттарын сатуға аукцион өткізілетіндігі жайында хабарлады.

«Dzintars»  аукционда 6,9 миллион еуроға сатылымға қойылды

Латвияс Вестнесис - «Латвия жаршысы» ресми басылымында Ригадағы ауданы 65,3 мың шаршы метр жер учаскесі ғимараттарымен, сондай-ақ кеңсе жабдықтары мен жиһаздар аукционға шығарылған. Аукционның алғашқы сатылым құны - 100 мың евро. 30 наурызда басталған аукцион 29 сәуірде аяқталады.

Бұдан бұрын мәлім болғанындай, өткен жылы Ригадағы Пардаугава соты Dzintars-ті төлемге қабілетсіз деп танып, құқықтық қорғау өндірісін аяқтаған болатын. Негізгі несие беруші - Мемлекеттік кірістер қызметі (SRS) Dzintars-тің құқықтық қорғау шаралары тұрғысынан жаңа өзгерістермен келіспеген. Компания келесі кезектегі салық төлемін төлемегендіктен, берешегі 6,8 млн. еуроны құраған. 2016 жылдың қазан айында Dzintars компанисы сотқа талап арыз берген. Алайда компания дайындаған құқықтық қорғау жоспарына енгізілген түзетулерді кредиторлар мақұлдамағандықтан, өткен жылы Dzintars сотқа банкроттық туралы өтініш берді.

Firmas.lv хабарлағандай, Dzintars бенефициары жаңа компания - Dzintars Beauty. Оның жалғыз иесі және басқарманың жалғыз мүшесі Илья Герчиков болып табылады. Капиталы 2,8 мың еуроны құрайды.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10