Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

«ҚазАгро» еншілес ұйымдары қарыз алушыларға төлемдерін кейінге қалдыруды ұсынды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Несиелік демалыстар төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық мүмкіндігі жоқтарға беріледі. «ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымдары (Аграрлық несие корпорациясы, «ҚазАгроҚаржы» және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры) кейінге қалдыруға қажеттілік туындаған жағдайда, несие / лизинг алған клиенттерге ағымдағы жылдың 16 наурызына дейін кейінге қалдырылған төлемдер бойынша шарттарын ұсынады. Төтенше жағдай кезінде төлемдерді кейінге қалдыруға рұқсат беру тәртібі «ҚазАгро» сайтында жарияланған.

«ҚазАгро» еншілес ұйымдары қарыз алушыларға төлемдерін кейінге қалдыруды ұсынды

Төлемнің кейінге қалдырылуын алу үшін өтініш жазып, елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттарды қоса беріледі. Өтініш 2020 жылдың 15 маусымына дейін қабылданады.

Төлемдер (пайыздар мен негізгі қарыздар) ағымдағы жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейінгі мерзімге несиелер мен қаржылық лизинг шарттары бойынша жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпорындарға 90 күнтізбелік күнге дейін кейінге қалдырылады.

АЛМАТЫ