Әлем • 31 Наурыз, 2020

Пандемия кезінде Амстердамда Ван Гогтың туындысы ұрланды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерланд еліндегі карантин режимінде Винсент Ван Гогтың туындысы ұрланды, деп хабарлайды  Reuters. Амстердамға жақын маңда орналасқан Ларен қаласында орналасқан Зингер музейінен Ван Гогтың «Көктемгі бақ» туындысы қолды болған. Музейде дабыл құрылғылары дереу іске қосылғанымен де, полиция қашып үлгерген ұрыларды ұстай алмаған.

Пандемия кезінде Амстердамда Ван Гогтың туындысы ұрланды

Музей директоры Эверт ван Остың айтуынша, бұл музей қызметкерлері үшін тосын жағдай болып отыр. Өйткені, сурет музейге тиесілі болмаған әрі Гронинген музейінен уақытша жалға алынған. 1884 жылы салынған «Көктемгі бақта» суретші өмір сүрген Нюэнен өңіріндегі викарий суреттелген.  Ұрланған өнер туындысының құны әзірге мәлім емес.

Ақпарат көзі дерегіне сүйенсек, 2016 жылы Италияның құқық қорғау органдары Винсент ван Гогтың 2002 жылы Амстердам музейінен ұрланған туындыларын тапқан.