Әлем • 31 Наурыз, 2020

Дисней басшысы Пандемияға байланысты айлығын қысқартты

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандаемияға байланысты Disney-дің дүкендері, қонақүйлері мен аттракцион парктері жабылып, фильмдерінің таныстырылымы шегерілген болатын. Туындаған қаржылық қиындықтарға байланысты 5 сәуірден бастап компанияның негізгі басшыларының еңбекақысын қысқарту туралы шешім қабылданды.

Дисней басшысы Пандемияға байланысты айлығын қысқартты

Кинопоисктің хабарлауынша, Disney-дің бұрынғы басшысы, қазір Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын Боб Айгер еңбекақысынан толықтай бас тартты. Ал қазіргі бас директор Баб Чапек 50 пайыз аз алуға келісті.

Боб Чапек жағдайға байланысты қарамағындағы қызметкерлеріне жазған хатында:

– Бәріміз бір кемедеміз, бұрын көрмеген жерлермен жүзіп келеміз. Осындай күрделі уақытта көрсеткен қолдауларыңызды жоғары бағалаймыз. Сіздердің сенімдеріңіз бізді қанаттандырады. Дағдарысты жеңіп, болашақта бұрынғыдан да мықты болатынымызға сенемін! – делінген.

Боб Чапектің базалық еңбекақысы 2,5 млн доллар екенін айта кетейік.