Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады

1476 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын әскери қызметшілер блок-бекеттерде қолданатын болды. Бұл шара төтенше жағдайды бақылау үшін қажет.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады

Қарулы Күштердің ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептері әуе барлауын жүргізу, төтенше жағдай режімінің бұзылуын анықтау және оған жол бермеу мақсатында тартылады. Олар азаматтық халықтың блок-бекеттерді рұқсатсыз кесіп өтуінің және автокөліктердің карантиндік аймаққа және одан тыс жерлерге өтуін болдырмау үшін қажет.

Айта кетерлік, 19 наурыздан бастап төтенше жағдай және карантин режімін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіретін және шығатын жолдарда блок-бекеттер орнатылып, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, полиция және Ұлттық ұлан өкілдерімен бірлесіп тәулік бойы кезекшілік атқарады.

ІІМ бөлімшелері блок-бекеттерден өтіп жатқан техниканы тексеріп содан кейін өткізуде. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде күшейту жұмыстарына әскери қызметшілер, оның ішінде әскери полицияның тәжірибелі қызметкерлері тартылған.

Сонымен қатар, кіруге және шығуға тыйым салынғанына қарамастан, блок-бекеттерді заңсыз кесіп өтуге әрекеттер орын алуда. Тыйым салынған аумақты кесіп өтудің тәсілдері әртүрлі, оның ішінде блок-бекеттерді айналып өту де бар. Ұшқышсыз ұшу аппараты әскерилер мен полиция қызметкердеріне барлық бағыттар бойынша көру мүмкіндігін кеңейтуге, орын алатын бұзушылықтарды болдырмау үшін блок-бекеттерді бақылауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, маңызды оқу-жауынгерлік мәселені шешуде ұшқышсыз ұшу аппараттары Қазақстанның Қарулы Күштерінде белсенді түрде қолданылады. Ұшқышсыз ұшу аппараттары оқу-жаттығу кезінде ғана емес, олардың көмегімен Арыстағы аумақты барлауды, инженерлік бөлімшелердің жұмысын қадағалауды және жарылғыш заттар табылған жағдайда жедел штабқа баяндау кезінде өзінің тиімділігін көрсеткен болатын.