Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Павлодар қаласын дезинфекциялау үшін 60 тонна сұйықтық дайындалған

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс  орталығындағы «Каустик» АҚ – халықаралық жоғары сапа стандарттарына сәйкес жұмыс жасайтын заманауи химия өндірісі.

Павлодар қаласын дезинфекциялау үшін 60 тонна сұйықтық дайындалған

Зауыт өнімдері экономиканың көптеген салаларында: мұнай, химия, медицина, тамақ өнеркәсібі, түсті және қара металлургияда қолданылады.

Кәсіпорын каустикалық сода, сұйық хлор, тұз қышқылын, сондай-ақ натрийдың техникалық гипохлоритын  шығарады.

Сонымен бірге, кәсіпорнында шығарылатын хлорлы концентрат сұйықтық ғимараттарды, тұрғын үйлердің подъездерін дезинфекциялауға қажет.

Өндіріс  тәулігіне 52 тонна сұйықтық шығарады. Еліміздің өңірлерінен түсетін сұраныс та аз емес. Жылына 3 мың тоннаға дейін сұйықтық шығаратын мүмкіндігі бар.

Жуырда Алматыға 250 тонна хлорлы концентрат жөнелтілген.

-Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, сырқаттарды бақылау жөніндегі Еуропалық орталық хлорлы концентратты дезинфектант ретінде ұсынады. Сұйықтық вирусты бірден жоюды. Өнімнің сертификаты, тиісті рұқсаттық құжаттары бар, тиіміділігі, қауіпсіздігі расталған, - дейді маман В.Рагулин.

Қажет сілтеме: мысалы, Төтенше жағдай уақытында облыс орталығын дезинфекциялау үшін 60 тонна сұйықтық қажет.

Ғимараттарға, подъездерге дезинфекция жасау үшін хлорлы концентраттың 180 грамын 1 литр суға араластыру қажет.

Не болмаса 10 литрлік ыдысқа 2 стақан препарат құйып, өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Сұйықтық құралдың 0,1 пайыздық концентрациясы балалар, үй жануарлары мен құстарға қауіпті емес.

Бірақ, бұл сұйықтық дүкендердегі еркін саудада жоқ. Тек ірі кәсіпорындар мен мекемелерге темір жол цистерналарымен жеткізіледі.

Кейін бұл компаниялар сұйықтықтан дезинфекциялық құралдар дайындап, тұрғындардың пайдалануына ыңғайлы болуы үшін кішігірім пластикалық бөтелкелерге құйып, сатылымға шығарады

Павлодар облысы