Әлем • 31 Наурыз, 2020

ЮНИСЕФ: Пандемия және балалар қауіпсіздігі

626 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта коронавирус (COVID-19) жайлы есту көпшілік үшін ауыр тиіп жатқаны белгілі. Әсіресе, пандемия жайындағы ақпараттардың балаларға әсері мен олардың жағымсыз мәліметтерді қабылдауы тұрғысында unicef.org отбасында балалармен  ашық сөйлесудің, баланың көңілін аулау әрекетінде, ақпаратты қабылдауы, т.б. жағдайларға орай кеңестер ұсынады.

ЮНИСЕФ: Пандемия және балалар қауіпсіздігі

Онда баламен ашық сұхбаттың маңызды екендігі айтылады.  Осы орайда балаларға еркін сөйлеуге мүмкіндік беру, сурет салу, тарих жайында  айтып беру және басқа да әдістер арқылы әңгімеге тартудың маңызды екендігі айтылады. Ең бастысы, балаларды алаңдатқан мәселеге болмашы нәрсе ретінде қарамау. Олардың сезімдерін қабылдап, мұндай  жағдайда қорқыныштың пайда болуы заңды екендігін түсіндіру. Ересек адамның мұқият тыңдап отырғанын білдіру, кез келген жағдайда ата-ана әңгімеге дайын екендігін білдіруі қажет.

Балаға түсінікті тілмен әлемде болып жатқан пандемия жайында шындықты түсіндіру маңызды. Балалар әлемде не болып жатқаны туралы шынайы ақпаратты білуге құқылы, дегенімен ересектер оларды зиян ақпараттан қорғауы міндетті. Балалардың жасына лайық тілде сөйлесіп, олардың қабылдауын қадағалап, олардың әркетіне  көңіл бөлу де маңызды.

Балалардың сұрақтарына жауап таба алмаған кезде ойдан құрастырмай, кәсіби деректерге сүйенген абзал. Балаларға ғаламтордағы ақпараттардың барлығы бірдей шындықпен жанаса бермейтіндігін түсінуі қажет. Балаларға өзін және достарын қалай қорғауға болатынын көрсету қажет. Балаларды коронавирустан және басқа аурулардан қорғаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі - қолды үнемі жуып тұруға ынталандыру. Қорқыту арқылы үйрету негізсіз. Балаға ұнайтын жағымды ән айтып немесе би билеп қол жуу ережелерін қызықты етіп үйретуге болады.

Балаларға ата-аналарының өздерін қиын жағдайда қалдырмайтындығын білу маңызды. Сондықтан да балаларға кез келген уақытта сөйлесуге болатындығын қайталап ескерту маңызды. ЮНИСЕФ маманы Джейкоб Хант жинаған мәліметтермен аталған ұйым сайтынан кеңінен танысуға болады.