Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Атырау: Төтенше жағдай режимін 38 адам бұзған

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс прокуратурасында төтенше жағдай талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін мобильді топ құрылды. Бұл топтың жұмысының нәтижесінде режимді бұзғаны үшін 38 тұлға жауаптылыққа тартылды.

Атырау: Төтенше жағдай режимін 38 адам бұзған

– Соның ішінде 5 кәсіпкер  әкімшілік қамауға алынды. Олар – «Хан­шайым», «Нәрлі» мейрамханаларының, «Аман­жан» кафесінің, «Финбет» букмекерлік кеңсесінің иелері мен «Ямато» суши-барының әкімшісі, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, өңірде әлеуметтік желілерде көрінеу жалған ақпараттар (тұрғындардың коронавируспен ауыратыны туралы) тарату (Қылмыстық Кодекстің 274-бабы), жеке және отбасылық құпияны құрайтын мәліметтерді (коронавирусқа ұшыраған 3 тұлғаның аты-жөндері) тарату (Қылмыстық Кодекстің 147-бабы)  фактілері кездескен. Осыған орай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ