«Төтенше жағдай кезінде Ішкі істер органдары қауіпсіздік шараларын атқарып жатыр. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында карантиндік режим күшейтілді. Мекемелер жұмысы тоқтады, үйден шығуға шектеу қойылды. Адам көп жиналатын орындар жабылды. Көшеде 3 адамнан артық жиналуға, сондай-ақ жасөспірімдерге жалғыз шығуға болмайды. Көліктер қозғалысы шектелді», деді Ерлан Тұрғымбаев.
Сондай-ақ министр бүгіннен бастап ереже бұзғандарға айыппұл салынатынын мәлімдеді.
«Тәртіп бұзғандармен 3 күн бойы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгіннен бастап ереже бұзғандарға айыппұл салынады. Ал қарсылық танытқандар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады», деді ол.