Қоғам • 31 Наурыз, 2020

Елімізде қылмыс саны 20 пайызға азайды - Ерлан Тұрғымбаев

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Төтенше жағдай кезінде елдегі қылмыс саны азайғанын мәлімдеді.

Елімізде қылмыс саны 20 пайызға азайды - Ерлан Тұрғымбаев

«Азаматтар мен автокөліктердің қозғалысы қатаң тексеріледі. Жаяу және автокөліктегі патрульдер саны көбейтілді. Бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және ұрлық пен тонау фактілерін болдырмау үшін шаралар қабылдануда. Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап елімізде қылмыс саны 20 пайызға азайды» деді Ерлан Тұрғымбаев.