2014 жылы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу әзірлігіне 150 млрд. теңге бөлінеді. Ұлттық қордан бөлінетін бұл қаржы мақсатты трансферт тарту ретінде жүргізіледі.
2014 жылы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу әзірлігіне 150 млрд. теңге бөлінеді. Ұлттық қордан бөлінетін бұл қаржы мақсатты трансферт тарту ретінде жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстанда бидай өткізу нарығы кеңейіп келеді. Облыс бойынша биылғы жылдың 7 айында 1 млн. 235 мың тонна бидай тиеліп, негізінен Әзербайжан, Иран, Орталық Азия және Ресей өңірлеріне жөнелтілген.
Оңтүстік Қазақстанда егін орағы науқаны аяқталды. Биыл түстік өңір диқандары гектарына 20 центнерден өнім жинап, қамбаға өткен жылғыдан 200 мың тонна астықты артық құйды. Ал келесі айдың соңында облыс егіншілері күзгі егісті бастамақ.
Кеше үш ауылдық округте әкімдерді қайта сайлау болып өтті. Аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес ол Павлодар облысының екі ауылдық округі мен Маңғыстау облысының бір ауылдық округін қамтыды.
Жайық қалашығын аспан астындағы мұражайға айналдыру үшін 1,2 млрд. теңге керек. Кеше бұл туралы БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатында мәлімдеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев көне қалашықтың табылуы Орал қаласының тарихы тым әріде жатқанын көрсететініне тоқталды.
Павлодарда «Жұмысшы жастар арасында кәсібі бойынша үздік - 2013» байқауы мәреге жетті. Оған 18 бен 29 жас аралығындағы жас мамандар қатысты.Байқау лауреаттарына дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Атырауда зейнеткердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды. Тәртіп сақшыларының айтуларынша, қаскөйлерді мұндай әрекетке апарған 3,5 мың теңге ақша мен ұялы телефон болған.
Жамбыл облысында 24 жастағы жігіт ірі көлемдегі марихуанамен қолға түсті. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері одан 1 тонна 406 кило сора тәркілеген.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews,
EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.