Президент • 31 Наурыз, 2020

Президент: Жанармай 15 пайызға арзандайды

1358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Президент: Жанармай 15 пайызға арзандайды

«Шағын және орта бизнеске көмек көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып отырмыз. Кәсіпкерлерге көмек көрсетуіміз керек. Өйткені кәсіпкерлер – экономикамыздың тірегі. Әкімдіктер кәсіпкерлердің өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек. Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан бостауды тапсырамын» деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті жанармайды арзандату керегін айтты.

«Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, бюджеттен 70 млрд теңге бөлінеді. Көктемгі егіс науқаны үшін қарапайым заттар экономикасы арқылы қосымша 100 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Ең алдымен, шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсеткен жөн. Сонымен қатар Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын 15 пайызға арзандатып, 165 теңгеге төмендету міндеті жүктелді. Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады. Жалпы, осы айтылған шаралар қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар мен отандық бизнесті қолдау үшін керек. Мұның барлығы коронавирус індетінің залалын жоюға көмектеседі деп сенемін» деді Қ.Тоқаев.